Түйенің кесірінен адам қаза тапты

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Оқиға
2425

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 24 шілдеде «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 23 шақырымында болған, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі aikyn.kz сілтеме жасап.

«Анықталғандай, «Chevrolet Cobalt» автокөлігі жолдың үстінде тұрған түйеге соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан такси жолаушысы – Сандықтау ауданының 49 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза тапты», – деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, Целиноград аудандық полиция бөлімі бұл деректі Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жануардың иесі анықталғаннан кейін ол жауапқа тартылады», – деп толықтырды ведомстводан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...