Абу-Дабиде зымыран қалдықтары құлап, екі адам қаза тапты

Фото: Pexels

PESTEL
168

Абу-Даби әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері ұстап қалған баллистикалық зымыранның сынықтары құлаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы әмірлік үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Абу-Даби әмірлігінің құзырлы органдары әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері баллистикалық зымыранды сәтті жойғаннан кейін Свейхан көшесіне құлаған сынықтардан туындаған оқиғаның салдарын жойды. Оқиға салдарынан әзірге жеке тұлғалары анықталмаған екі адам қаза тауып, тағы үш адам жарақат алды», – деп хабарлайды дереккөз.

Сондай-ақ зымыранның қалдықтары бірнеше көлікті де зақымдаған. 

Бұған дейін БАӘ қорғаныс министрлігі елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен авиациясы Иран тарапынан ұшырылған зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып жасалған аралас шабуылды тойтарып жатқанын хабарлаған еді. 

АЙМАҚТАР

"Қазгидромет" 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері ел аймақтарында...

Шоу-бизнес

Жанболат пен Жазираға келін болып жатқан сіңлісіне тілек айтқан Кенжебектің әйелі тілек айтып, сынға...