2026 жылдан бастап АҚШ визасы қымбаттайды

Фото: zakon.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1004

2026 жылдан бастап АҚШ визасы қымбаттайды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

АҚШ билігі жаңа міндетті алым — Visa Integrity Fee енгізді. Бұл төлемнің мөлшері кемінде 250 доллар және енді АҚШ-тың барлық иммиграциялық емес визасына өтініш берушілер төлеуге тиіс. 

Қазақстандықтар үшін бұл виза бағасының екі есеге жуық өсуі мүмкін деген сөз. Себебі, бұрынғы стандартты консулдық алымға енді осы қосымша төлем де қосылады. 

"Енді АҚШ визасы 435 доллар (шамамен 225 мың теңге) тұрады. Бұрынғы консулдық алымға 250 доллар көлеміндегі Visa Integrity Fee қосылды", — деп түсіндірді виза саласының сарапшысы. 

Бұл жаңа алым барлық иммиграциялық емес виза санаттарына міндетті болып есептеледі, соның ішінде: 

- B-1/B-2 — іскерлік және туристік сапарлар; 

- F және M — студенттер; 

- H-1B және H-4 — мамандар және олардың отбасылары; 

- J-1 және J-2 — алмасу бағдарламаларына қатысушылар; 

- L, O, P, R — басқа да кәсіби бағыттар бойынша жұмыс істейтіндер. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...