АҚШ Иранға қару жеткізген желіні әшкерелеп, бірнеше елге санкция салды

Фото: depositphotos.com

PESTEL
371

АҚШ Иранның қорғаныс өнеркәсібіне қару-жарақ пен қажетті бөлшектерді сатып алуға қатысы бар деп есептелетін 10 компания мен жеке тұлғаға санкция енгізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

АҚШ Қаржы министрлігінің сайтындажарияланған баспасөз хабарламасына сәйкес, шектеулер Қытай, Беларусь, Иран, Гонконг және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі құрылымдар мен делдалдарға қатысты енгізілген.

Ведомство мәліметінше, санкциялар Иранның қару-жарақ пен дрон өндіруге қажетті жабдықтарды алу арналарының жолын кесуге бағытталған. Вашингтонның пайымдауынша, сөз халықаралық деңгейде ұйымдастырылған жеткізу желісі туралы болып отыр.

Тізімдегі жеке тұлғалардың арасында Беларусь азаматы Мохаммед Али Толибовбар. Ол Armory Alliance компаниясының бас директоры. АҚШ оны Беларусь арқылы Иранға қару сатып алумен ұзақ уақыт айналысқан делдалдардың бірі деп есептейді.

Сондай-ақ Беларусьте тұратын Иран азаматы Мохаммадмахди Малекиде санкция тізіміне енді. Ол Armory Alliance қызметімен байланысты деп көрсетілген.

Бұдан бөлек, санкциялық тізімге Қытай азаматы Ли Гэньпинде кірді. АҚШ дерегінше, ол Hitex Insulation Ningbo Company Limited компаниясындағы сату, сатып алу және қаржылық операцияларды үйлестіріп отырған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...