Танымал әнші турист қызды зорлағаны үшін сотталып кетті

Фото: Getty Images

ЖАҢАЛЫҚТАР
2387

Оңтүстіккореялық әнші, бұрынғы NCT тобының мүшесі Тэиль қыз зорлағаны үшін үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ВВС мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

31 жастағы Мун Тэ Иль және оның екі танысы қытайлық турист қызды жабыла зорлаған. Олар жәбірленушімен барда ішімдік ішіп, кейін пәтерге апарған.

Прокурор оларды 7 жылға соттауды сұраған. Сеулдегі округтік соттың судьясы бұл қылмысты «аса ауыр» деп бағалаған, алайда олардың қылмысты алғаш рет жасағанын ескеріп жазаны жеңілдеткен. Сондай-ақ, сот үкімімен үш ер адам жыныстық зорлық жасағандарға арналған 40 сағаттық психологиялық түзету бағдарламасынан өтуге міндеттелді.

2023 жылдың тамыз айында Мун Тэ Иль қылмысқа күдікті ретінде танылған соң NCT тобынан кеткен. NCT тобы түрлі жанрды қамтитын эксперименттік бағыттағы K-pop музыкасы арқылы халықаралық танымалдыққа ие. Топтың бірнеше әні Billboard чарттарына енген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...