Әуежайларға жаппай кибершабуыл жасалды

Фото: ber.berlin-airport.de

PESTEL
491

Жаппай кибершабуыл салдарынан Еуропаның бірқатар әуежайлары, соның ішінде Германиядағы халықаралық Берлин-Бранденбург әуежайы (BER) техникалық ақауларға тап болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ақпаратқа сәйкес, жұма күні кешке хакерлер жолаушыларды тіркеу мен ұшаққа отырғызу жүйелерін қамтамасыз ететін еуропалық қызмет жеткізуші компанияға шабуыл жасаған. Соның салдарынан Берлин-Бранденбург әуежайы аталған жүйелерден ажырауға мәжбүр болды. Бұл жағдай жолаушылардың тіркеу мен отырғызу кезінде ұзақ уақыт күтуіне және рейстердің кешігуіне әкелуі мүмкін.

Әуежай әкімшілігі: «Берлин әуежайы кибершабуылдың тікелей нысанасы болған жоқ, тек жанама зардап шекті», – деп мәлімдеді.

Аталған қызмет жеткізушінің жүйесін Еуропаның көптеген әуежайлары қолданады. Салдарынан Брюссель әуежайы рейстерге елеулі әсер ететінін ресми сайтында хабарласа, Лондондағы Хитроу әуежайы да техникалық ақауларға байланысты кешігулер болуы мүмкін екенін ескертті.