Атып өлтірген: Трамптың үйіне басып кірмек болған ер адам бірден қолға түсті

Фото: ашық дереккөзден

PESTEL
601

АҚШ Құпия қызметінің хабарлауынша, Дональд Трамптың Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясының күзетілетін аймағына заңсыз кірген ер адам атып өлтірілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға түнгі сағат 01:30-да  болған. Солтүстік қақпаның маңынан қолында бытыралы мылтыққа ұқсас заты және жанармай құйылған канистрі бар 20 жастағы жігіт байқалған.

Құпия қызметтің мәліметінше, оқиға кезінде резиденцияда күзетілетін тұлғалардың ешқайсысы болмаған. Президенттік кестеге сәйкес, Дональд Трамп бұл демалыс күндерін Ақ үйде өткізіп жатыр.

Палм-Бич округінің шерифі Рик Брэдшоудың айтуынша, ер адам Мар-а-Лагоның ішкі аймағына өтіп кеткен. Агенттер оны байқап, қолындағы заттарды тастауды бұйырған. Күдікті канистрді жерге тастап, бірақ мылтығын атуға ыңғайлап көтерген. Осы сәтте агенттер қауіпті бейтараптандыру үшін оқ жаудырған.

Оқиға орнында Құпия қызмет пен шериф кеңсесінің қызметкерлері жұмыс істеді. Барлық қызметкерлерде денеге бекітілетін бейнетіркегіштер болған.

Күзетшілер күдіктіге тек «Заттарды тастаңыз!» деген талап қойып үлгерген.

Қазіргі уақытта полиция оқиға орнында қанша оқ атылғанын және күдіктінің қаруы оқтаулы болған-болмағанын анықтап жатыр. 

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін Иран "өте күшті соққы алатынын" мәлімдеді, деп хабарлайды Ma...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік талаптары соңғы жылдарда айтарлықтай күшейтілді, де...