15 нәрестенің өмірін жалмаған өрт: ауруханадағы жантүршігерлік жағдай

Geo News телеарнасы

PESTEL
1157

Пәкістан астанасы Исламабадта аурухананың гинекология бөлімінде жойқын өрт шығып, кемінде 15 жаңа туған нәресте қаза тапты. Қайғылы жағдай Медицина ғылымдары институтында болған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Geo News телеарнасының мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, өртке кондиционер компрессорының жарылуы себеп болуы мүмкін.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылған. Дәрігерлер зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп, басқа пациенттердің жағдайын тұрақтандыруға күш салып жатыр.

Аурухана аумағы қоршауға алынып, ғимарат маңына қосымша жедел жәрдем бригадалары жеткізілген.

Құқық қорғау органдары жарылыстың нақты себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде аурухана қызметкерлерінің әрекетіне де баға берілмек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртас Шымкентте өткен концертінде болған жағдайды сынаған блогердің жазбасына п...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біз күн сайын бірдей жолмен жүреміз, дүкенге барамыз, сағатқа қараймыз, таныс иістерді сеземіз. Көп...