Боқты тауы Бибердің назарына ілікті: Джастин Бибер Маңғыстаудың табиғатын бүкіл әлемге көрсетті

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1196

Әлемге әйгілі канадалық әнші Джастин Бибер Instagram-дағы Stories-те Маңғыстау облысындағы ерекше табиғи нысанды – Боқты тауының суреттерін жариялап, қазақстандықтарды қуантты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Әнші Instagram-дағы танымал @earthbestshots парақшасындағы Боқты тауының әсерлі фотосуреттерін өз парақшасына репост жасады. Бұл тау Үстірт қорығының аумағында орналасқан, ал ерекше формасы мен түсіне байланысты халық арасында «Тирамису» деп те аталып кеткен. Суреттерді әлемге танымал фотограф Даниэль Кордан түсірген. 

Биіктігі 165 метр болатын Боқты тауы күннің шығуы мен батуы кезінде ерекше әсем түске енеді – оның қабатты жоталары алтын мен от түстес реңкке боялады. Бибердің бұл табиғи сұлулыққа назар аударуы қазақстандықтардың мақтанышына, ал шетелдіктердің қызығушылығына себеп болды.

«Бибер біздің табиғатты сториске салғанына сіз де шок болып отырсыз ба?», – деп жазды Instagram қолданушысы @dosmukhambetoova. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Австралияның Сидней қаласында белгісіз екі адам Бонди-бич жағажайындағы адамдарға оқ атты, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан құрамасы Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында 68 медаль...