Иран Израильге жүздеген баллистикалық ракета жіберді

Фото: видеодан скриншот

PESTEL
2101

Иран Израильге жүздеген баллистикалық ракета жіберді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Иранның рухани көсемі аятолла Хаменеи жұма күнгі мәлімдемесінде Израиль Иранға жасаған шабуылы үшін “қатаң жазасын алады” деді. 

Тель-Авив, Иерусалим, Хайфадан әуеде жарылыс болғаны жөнінде хабар түсті. Ракеталардың бір бөлігін әуе қорғаныс жүйесі атып түсірген. 

Израиль қорғаныс министрлігіне жасалған ракета соққысы видеоға түсіп қалған. Тель-Авивте тұрғын үйлер қирағаны хабарланды. Жедел жәрдем қызметі 35 адам жарақаттанғанын айтты. 

Израиль әскері Иранды бейбіт халыққа шабуыл жасады деп айыптады. Израиль қорғаныс министрі Исраил Кац Иран “барлық қызыл сызықты кесті” деп мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында халыққа үндеу жасап, бұл саяси науқ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Перуде туристер мінген шағын ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 13 адамның барлығы қаза тапты. Қайғылы оқи...