Жерлеу рәсімінен қайтып келе жатқан: Автобус апатынан 22 адам қаза тапты

Фото: АР

PESTEL
681
Кенияда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, кемінде 22 адам қаза тапты. Тағы 24 адам медициналық көмекке жүгінген. Қайғылы оқиға 25 қазанда елдің басты автомагистралінде болған, деп хабарлайды  MadeniPortal.kz.

Полицияның мәліметінше, автобустағы жолаушылардың арасында шіркеу пасторының жерлеу рәсімінен кейін жағалаудағы Момбаса қаласына қайтып бара жатқандар да болған.

Апат Найроби мен Момбаса қалаларын байланыстыратын тасжолда тіркелген.

Оқиғаның нақты мән-жайы әзірге белгісіз. Жолаушылардың бірі Спенца Мудавенің айтуынша, жүк көлігі автобусты артынан соққан. Соққыдан кейін автобус аударылып кеткен.

Ал Кенияның Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы апатқа көліктердің бірін-бірі басып озу кезінде жіберген қателігі себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, көліктер маңдайша соқтығысқан.

Айта кетейік, бұл – аталған тасжолда қысқа уақыт ішінде болған екінші ірі жол апаты. Осыдан үш апта бұрын дәл осы жолда болған тағы бір апаттан 17 адам қаза тапқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан бес қабатты қонақүй-монша кешенінде өрт шықты. Оқиға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанайда полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған Volkswagen Passat жүргізушісі жолаушылар авт...