Спортзалда атыс болып, екі адам көз жұмды

Фото: RTC Southern Nevada

ЖАҢАЛЫҚТАР
2213

АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында спортзалда атыс болып, екі адам көз жұмды, мерт болғандардың бірі шабылдаушы, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Kazinform меншікті тілшісіне сілтеме жасап.

АР мәліметтеріне қарағанда, оқиға 17 мамыр күні болды. Оқиға салдарынан кемінде тағы 3 адам жарақат алды. Оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдарының өкілдері спортзалға кіреберісте оқтан жарақат алған ер адамды көрді.

Лас-Вегас қаласы плициясының капитаны Эсмеральда Боведаның айтуынша, күдікті ізін жасырмақ болған, алайда полиция қызметкерлері оған оқ атып, ескерту жасап тоқтатқан. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...