Мектептің шатыры опырылып, салдарынан 34 оқушы мен мұғалім қаза тапты

Euronews

PESTEL
151

Пәкістанның солтүстік-батысында жекеменшік мектеп шатырының опырылуы салдарынан кем дегенде 34 бала мен бір мұғалім қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Euronews-ке сілтеме жасап. 

50-ден аса адам жарақат алды, үш баланың жағдайы ауыр. Қаза тапқандар арасында 12 қыз бала бар. Қайғылы оқиға бейсенбі, 15 қазанда Хайбер-Пахтунхва провинциясының орталығы Пешавар қаласында болды.

Шатыр сыныптағы оқушылардың үстіне құлап, астындағы екі қабатты басып қалған. Билік өкілдері шатыр ескі болғанын және құрылыс жұмыстарына байланысты шамадан тыс жүктеме түскенін хабарлады, мектеп иесі қамауға алынды, тергеу басталды.

Оқиғаға нөсер де әсер еткен болуы мүмкін, бірақ оқиғаның нақты себебі әлі де анықталып жатыр.

Мектептен түсірілген кадрлардан еденде шашылып жатқан жеке заттарды көруге болады. Құтқарушылар үйінді астынан тірі қалғандардың барлығын шығарып алды, операция төрт сағатқа созылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердің мө...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдер бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді отбасының табысына қа...