Трамп қатаң болды: Зеленский АҚШ президентінен қандай жауап алғаны белгілі болды

Фото: bbc.com/getty images

PESTEL
1891

Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі «оңай өтпеген», деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ DW-ге сілтеме жасап.

«Ешкім дауыс көтерген жоқ, бірақ Трамп қатаң болды», – деп сипаттады дереккөз.

Ақ үйдегі кездесу барысында Дональд Трамп қазірше Киевке алысқа ұшатын Tomahawk зымырандарын беруді жоспарламайтынын мәлімдеді. Бұл туралы 17 қазан, жұма күні Axios басылымы екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Зеленский Вашингтоннан зымырандарды алу жөнінде уәде күткен, алайда Ресей президенті Владимир Путинмен ұзақ телефон әңгімесінен кейін Трамптың көңіл күйі мүлде басқа болған. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар енді Құрылтай депутаттарының жеке қабылдауына жазылып, өз өтініштері мен ұсыныстарын...

Шоу-бизнес

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова үйіне жөндеу жүргізген құрылысшылардың жұмысына көңілі тол...