Трамп Конгреске Иранмен соғыстың аяқталғанын мәлімдеді

Фото: Annabelle Gordon / Reuters

PESTEL
140

АҚШ президенті Дональд Трамп Конгреске ресми хат жолдап, Иранға қарсы соғыс қимылдарының тоқтатылғанын жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz DW-ға сілтеме жасап. 

Трамптың мәлімдеуінше, екі ел арасындағы белсенді қақтығыстар сәуір айынан бері тоқтап тұр. Президент өз хатында әскери операциялардың хронологиясын көрсетті. 2026 жылдың 28 ақпан күні Иранмен арадағы тікелей қарулы қақтығыс басталды. Ал 7 сәуір Трамп екі апталық атысты тоқтату туралы бұйрық берді. Кейіннен бұл мерзім ұзартылды. 7 сәуірден бүгінгі күнге дейін АҚШ пен Иран қарулы күштері арасында бірде-бір атыс жағдайы тіркелмеген.

«28 ақпанда басталған соғыс қимылдары толықтай тоқтатылды», — делінген Ақ үй басшысының хатында.

Трамп Тегеран тарапынан болатын «ықтимал қауіптерді тежеу» үшін АҚШ әскерінің Таяу Шығыста қала беретінін атап өтті.

АҚШ Әскери министрлігі Иран мен оның прокси-күштеріне қарсы тұру, сондай-ақ одақтастарды қорғау мақсатында өңірдегі әскердің орналасу тәртібін қажетінше өзгертіп отырмақ. Әскери дайындықтың егжей-тегжейлі жоспары құжаттың құпия қосымшасында көрсетілген.

Трамптың бұл мәлімдемесі кездейсоқ жасалып отырған жоқ. АҚШ-тың 1973 жылғы «Әскери өкілеттіктер туралы заңына» сәйкес президент Конгрестің рұқсатынсыз шетелде қарулы күштерді тек 60 күнге дейін қолдана алады. 

Трамптың Иранға қатысты әскери өкілеттігінің мерзімі 1 мамырда аяқталды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы жеке клиникалардың бірінде қайғылы жағдай болды. Тіс емдетуге келген жас жігіт дәрігер са...

PESTEL

Бала Австралиядағы Алис-Спрингс қаласының шетінде демалыс күндері жоғалып кеткен. Бірнеше күндік ізд...