АҚШ соққы жасаған Ирандағы ядролық орталықтың суреттері жарияланды

Фото: Planet Labs/dpa/picture alliance

ЖАҢАЛЫҚТАР
431

АҚШ соққы жасаған Ирандағы Фордо ядролық орталығының спутниктен түсірілген суреттері жарияланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Иранның Фордо уран байыту зауыты қатты зақымдануы немесе тіпті жойылуы мүмкін. Ядролық орталыққа әуе шабуылы жасалғаннан кейін Мaxar коммерциялық компаниясы түсірген спутниктік суреттерге мамандар сараптама жасады. Бұл жөнінде Reuters агенттігі жазды.

Суреттерде зауыттың жер асты бөлігінің үстінде орналасқан тау сілемінде алты шұңқыр көрінеді. Бұл жерде уранды байытуға арналған центрифугалары бар жерасты цехтары орналасқан болуы мүмкін. «Мен бұл қондырғы жойылған болуы мүмкін деп ойлайтын едім», - дейді БҰҰ-ның бұрынғы ядролық қару инспекторы, Вашингтон ғылым және халықаралық қауіпсіздік институтының басшысы Дэвид Олбрайт.

Суреттерден нысан орналасқан тау массиві, кешеннің сыртқы бөлігі мен туннельге кіреберіс бүлінгені көрінеді. Дегенмен нысанның қаншалықты бүлінгені әзірге белгісіз.

Бұған дейін АҚШ-тың штаб бастықтарының біріккен комитетінің төрағасы Дэн Кейн Фордодағы ядролық орталыққа өте ауыр зақым келгенін айтқан. Бірақ ондағы ядролық қондырғылардың бүлінгені туралы айтпаған.

Ал Иран мемлекеттік телерадиокешені басшысының орынбасары Хасан Абедини Иран билігі үш ядролық нысаннан соққы жасалмай тұрып материалдарды алып кеткенін мәлімдеген. Оның сөзінен Reuters  агенттігі үзінді жариялаған.

– Байытылған уран қоры ядролық орталықтан әкетілген, ол жақта ешқандай материал қалған жоқ. Егер оларды нысанаға алған болса, радиация тарап, отандастырымызға зиян келтіруі мүмкін еді, деген Хасан Абедини.

Иран парламентінің кеңесшісі Мехди Мохаммад шабуылдың салдары аса ауыр емес деген. Ол Тегеран Фордоға соққы жасалатынын алдын ала сезіп, ондағы мамандары мен материаларды көшіргенін айтқан.

Спутниктен бақылау жасау қызметін көрсетін Maxar компаниясы соққыға дейін екі күн бұрын Фордо зауыты аумағында көліктердің ерекше көп екенін тіркеген. Бұл кәсіпорыннан байытылған уран тасымалданғанын дәлелдеуі мүмкін.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) АҚШ соққысынан кейін Иран аумағында жоғары радиация тіркелмегенін мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті қызметіне спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман тағайынд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ ұлттық музыка академиясын 25 жыл басқарған скрипкашы Айман Мұсақожаева жылы орнын қайтарамын д...