Нобель сыйлығының лауреаты қамауға алынды

Фото: report.az

PESTEL
459

BILD мәлімдеуінше, Иранда әйелдер құқығы үшін және репрессияға қарсы күресімен танымал Наргиз Мохаммади тағы да ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Дереккөздің мәліметінше, Наргиз Мохаммади саяси тұтқындарды бірнеше рет қорғаған, жақында қайтыс болған адвокат және құқық қорғаушы Хосрова Аликордиді еске алу шарасы кезінде қамауға алынды. Адвокат Хосрова Аликорди жұмыс орнында жүрек талмасынан көз жұмған. Бірақ оның өліміне қатысты сұрақ көп.  

Мохаммади осымен 14-ші рет темір тордың ар жағында отыр. 2016 жылы ол өлім жазасына қарсы адам құқықтары қозғалысын басқарғаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды. 2024 жылдың желтоқсанында ол аяғына операциядан кейін медициналық себептермен уақытша босатылды, содан кейін оның жазасы бірнеше рет ұзартылды.

Мохаммади үкіметтің қысымына қарамастан наразылықтарға қатысуын жалғастырды. Ол тіпті бұрын өзі ұсталған Тегерандағы атышулы Эвин түрмесінің алдында шеру өткізді. Эвин темірторы азаптаумен, тұтқынды камерада жалғыз және мыңдаған саяси тұтқындарды негізсіз ұстаумен танымал.

Amnesty International ұйымының мәліметінше, Мохаммади қамауда азапталып, бірнеше рет инфаркт болған. 

Шоу-бизнес

Елдос Колобок әлеуметтік желіде оқырмандарының бірінен келген сұраққа жауап бере отырып, Таңшолпанны...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында үш полиция қызметкері зорлау қылмысын жасады деген ақпарат тар...