Иранға қарсы әскери операциядан кейін Израиль жаһандық қауіпсіздік шараларын күшейтуде, деп хабарлай...
Президенттердің кездесуі кезінде 2 қарауыл сарбазы есінен танып, құлап қалды
Фото: видеодан скриншот
Парижде Франция президенті Эммануэль Макрон мен Словакия президенті Петер Пеллегринидің ресми кездесуі кезінде қарауыл гвардияшысы құлап қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
CBS News-тің хабарлауынша, оқиға 11 қарашада Пеллегрини Елисей сарайына ресми сапармен келген кезде болған.
Гвардияшының қасына Эммануэль Макрон мен сарай қызметкерлері барып, кейін оны алып кеткен. Осыдан соң ғана Макрон Петер Пеллегринимен амандасқан.
Гвардияшының қазіргі жағдайы мен неліктен құлағаны әзірге белгісіз.
Видео әлеуметтік желілерде лезде тарап, қолданушылар гвардияшыға алаңдаушылық білдіруде. Пікірлерде көпшілік оның тезірек сауығып кетуін тілеп, жағдайы жақсы екеніне үміттенетінін жазып жатыр.
Кейбіреулер күзетте сағаттап тапжылмай тұрудың қаншалықты ауыр екенін еске алса, әскерде қызмет еткен қолданушылардың бірі мұндай жағдайды өз басынан өткергенін мойындады.