Путин: АҚШ Украинаға зымыран берсе, Ресей арадағы оң үрдісті үзеді

Фото: Everett Collection/picture alliance

PESTEL
1202

Ресей президенті АҚШ Украинаға алыс қашықтыққа арналған Tomahawk («Томагавк») қанатты зымырандарын беретін болса, оның салдары қандай болатынын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. DW-ге сілтеме жасап.

Путин АҚШ-пен арадағы оң үрдістің қандай жағдайда үзілетін ашық айтып, бұл қарым-қатынастың бір жақтың әсерімен ғана шешілмейтінін атап өтті. 

«Жаңа қару-жарақ жүйелерін, соның ішінде алыс қашықтықтағы жоғары дәлдіктегі «Томагавктарды» жеткізу мәселелері талқыланды. Мен мұндай шешім біздің қарым-қатынастарымызды бұзады, ең болмағанда, байқалған оң үрдісті жояды деп айттым», – деді Путин «Россия 1» телеарнасында 5 қазан күні эфир барысында.

Сонымен қатар ол: «Мен ойлағанымды айтып отырмын. Алайда Мәскеу мен Вашингтон арасындағы байланыстардың қалай қалыптасатыны тек бізге ғана байланысты емес», – деп мәлімдеді. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

2029 жылдың сәуір айында Жерге жақын маңнан шамамен 350 метрлік Апофис астероиды ұшып өтеді. Ол сонш...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада мектеп оқушылары арасында болған жанжал сегізінші сынып оқушысының ауыр жарақат алуымен аяқ...