Қала басшысы бұрын порноактер болғаны үшін қызметінен босатылды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

PESTEL
82

SVT телеарнасының хабарлауынша, Швецияның Йоккмокк қаласының басшысы Ларс Эрикссонның порноиндустрияда жұмыс істегені әшкере болып, ол қызметінен босатылды. Шенеуніктің көпшілікке беймәлім өмірін журналистер анықтаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Журналистік зерттеу барысында 55 жастағы Эрикссонның 2018 жылдан бері порнофильмдерге түсіп келгені белгілі болды. Ол америкалық фильмдерге Ханс деген бүркеншік атпен қатысқан. Оның қатысуымен түсірілген екі фильм 2025 және 2026 жылдары, яғни Эрикссон муниципалитет басшысы қызметін атқарып жүрген кезде жарық көрген. 

4 қарашада шенеунік қызметінен айырылды. Әкімшілік мұндай шешімді қауіпсіздік мәселесімен түсіндірген.

Олардың пікірінше, Эрикссонның бұрынғы қызметі оған қысым көрсету немесе бопсалау үшін пайдаланылуы мүмкін.

“Муниципалитеттің өзі шет мемлекеттердің, әсіресе Ресейдің, үлкен қызығушылығын тудырады. Қауіпсіздік саясаты тұрғысынан маңызды муниципалитетте осындай осал тұстың болуы қолайсыз”, – деді Уппсала университетінің әкімшілік құқық профессоры.

Алайда Эрикссон бұрынғы қызметі ешқандай қауіп төндірмейді деп есептейді. Оның айтуынша, ол соңғы рет 2022 жылы, яғни муниципалитет басшысы болып тағайындалмай тұрып порнофильмге түскен. Ал фильмдердің кейінірек жарық көруіне оның еш қатысы жоқ.

Сонымен қатар шенеунік өткен өмірін жасырмай, ашық айтып жүргендіктен, оны бұл мәселемен қалай бопсалауға болатынын түсінбейтінін жеткізген.