Қалыңдық TikTok-тегі трендті түсіру кезінде қолын сындырып алды

Фото: әлеуметтік желіден

PESTEL
1327

Питерлік қалыңдық TikTok-тегі трендті қайталамақ болып, тойға екі сағат қалғанда қолын сындырып алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz BAZA-ға сілтеме жасап.

Мәрия салон мамандарымен қонақүйде тойға дайындалып жатқан сәтін есте қалдыру үшін видео түсіріп жатқан. Қалыңдыққа үйлену алдындағы трендті қайталау ойы келіп, видео үшін қонақүйдің дәлізімен көйлекпен жүгіріп өту керек болады. Түсірілім барысында күтпеген жағдай орын алып, Мәрияның өкшесі көйлектің етегіне ілініп қалып, құлаған сәтте ол қолын сындырып алды.

Неке қиюға екі сағаттан аз уақыт қалғандықтан, салтанатты өткізбей қоюды болдырмас үшін Мария жарақаты туралы ешкімге айтпаған. Көптен күткен “Иә!” деген сөзден кейін ол бүкіл уақытты сынған қолымен өткізгенін туыстарына мойындады.
Паспортқа мөр басылған соң қызды дәрігерлерге апарып, онда мамандар ығысуы бар сүйек сынуын анықтап, қолына гипс салды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна 66 жасқа қараған шағы...