Иран мен Израиль бір-бірін тағы ракетамен атқылады

Фото: Хайфа, Израиль 20 маусым 2025 жыл

ЖАҢАЛЫҚТАР
1228

Иран мен Израиль бір-бірін тағы ракетамен атқылады. Сенбіге қараған түні Тель-Авивте атып түсірілген ракетаның бөлшектері тұрғын үйге түсіп, өрт шыққан. Ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ t.me/azattyq-қа сілтеме жасап.  

Таңға қарай Израиль де Иранды атқылап, Исфахан, Тегеран және Қом қалаларына шабуыл жасаған. Қом қаласына жасалған шабуылдан екі адам қаза болған. BBC-дің жазуынша, Қом провинциясында Иранның қатты қорғалған ядролық нысандарының бірі Фордо жерасты зауыты орналасқан. Ядролық зерттеу кешені орналасқан Исфахан да атқыланған. 

Соққы Женевада өткен бірнеше сағатқа созылған нәтижесіз келіссөзден кейін жасалды. 

Сенбі күні Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Иран мен Израиль қақтығысын Стамбұлда Араб елдерінің лигасы өкілдерімен талқылайды. Дүйсенбі күні Мәскеуге баруы мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың қарамағында бала қалмады,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...