Француз киносының аңызы Брижит Бардо өмірден өтті

Фото: ашық дереккөзден

PESTEL
831

Француз актрисасы Брижит Бардо 91 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бардо 1934 жылғы 28 қыркүйекте Парижде дүниеге келген. 1948 жылы Музыка және би жөніндегі Жоғары ұлттық консерваторияға оқуға түсіп, үш жыл бойы орыс хореографы Борис Князевтің класында білім алған. 14 жасында «Сад моды» журналына модель ретінде түсті, ал 1949 жылы оның фотосуреті алғаш рет Elle журналының мұқабасында жарияланды.

1952 жылы киноға алғаш рет түсіп, «Нормандиялық тесік» комедиясындағы рөлімен дебют жасады. Ал 1956 жылы «Және Құдай әйелді жаратты» мелодрамасындағы басты рөлі Бардоны әлемдік жұлдызға айналдырды.

Актрисаның қатысуымен түсірілген танымал фильмдер қатарында: «Парижанка», «Бабетта соғысқа аттанады», «Вива, Мария!», «Бақытсыздық жағдайында», «Шалако», «Ақиқат», «Менсінбеу» фильмдері бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Курьер-ана барлық көмектен бас тартты. Бұл туралы желіде Алмат Несіпқалиев есімді азамат жазды, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кәсіпкер Жәкішевтің құдалары әлі талқыланып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....