Қытай баристалары жаңа қорқынышты-сусын жасап шығарды

Фото: South China Morning Post

PESTEL
1138

Қытай астанасындағы жәндіктер мұражайы жаңа фирмалық кофесін таныстырды. Әсерін күшейту үшін сусынның бетіне ұнтақталған тарақан порошогы себіледі. Бір шыныаяқының бағасы 45 юань (шамамен 3200 теңге – ред.), деп хабарлайды MadeniPortal.kz South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, сусын маусым айының соңында сатылымға шыққан және көп ұзамай интернет-трендке айналған.

«Мұражай жәндіктерге арналғандықтан, қонақтарымызға сол тақырыпқа сай сусындар ұсыну қисынды көрінді», – деп түсіндірді мекеме өкілдері.

Ерекше сусындар линейкасына сондай-ақ жыртқыш өсімдіктің асқорыту шырыны қосылған кофе және Хэллоуинде ғана сатылған, құмырсқалар негізінде әзірленген лимиттелген сусын да кіреді. Барлық ингредиенттер дәстүрлі қытай медицинасымен айналысатын дүкендерден сатып алынады, бұл өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, дейді қызметкерлер.

Мұражай күн сайын жаңа кофенің оннан астам шынаяғын сатады. Интернет қолданушылары бұл идеяны әртүрлі қабылдады. Мұндай сусындарды көбіне жастар таңдайды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысының Қобда ауылында тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлад...

Шоу-бизнес

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында зейнет жасындағы әйелдерге қатысты қ...