2025 жылдың 24 қыркүйегіне дейін 2011 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы рет...
81 жастағы танымал актер кісі қолынан қаза тапты
Фото: Pixabay
Лос-Анжелесте 81 жастағы актер Жеймс Хэнди қаза тапты. АҚШ-тың танымал актері, «Джуманджи» және «Топ Ган: Мэверик» фильмдері арқылы белгілі Джеймс Хэнди Лос-Анжелестегі үйінің ауласында мерт болған. Қайғылы оқиғаға актердің сүйіктісінің ұлы күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Variety басылымына сілтеме жасап.
Variety басылымының мәліметінше, 911 қызметіне қоңырау шалған ер адам өзін "Құдайдың ұлымын" деп таныстырып, "күнәһар адамды өлтіргенін" айтқан.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 81 жастағы актерді ес-түссіз күйде тапқан. Оның кеуде тұсында бірнеше пышақ жарақаты болған. Джеймс Хэнди ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Күдікті ретінде 44 жастағы Майкл Гледхилл ұсталды. Сот оған 2 миллион доллар көлемінде кепіл сомасын белгіледі.