Шалбарына бір килограмм жұлдызқұрт жасырып өтпек болған әйел ұсталды

Фото: Pixabay

PESTEL
1446

Қытай кеденшілері тірі бамбук жұлдызқұрттарын заңсыз алып өтумен айналысқан үш әйелді ұстады: олардың бірінің шалбарынан 1 килограмнан астамы табылса, қалғандарының сөмкелерінен одан да көп мөлшер анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға Юньнань провинциясындағы Цзинхун қаласының Мэнлун жолаушыларды тексеру бекетінде болған. Кеден қызметкерлерінің күдігі әйелдің қалыптан тыс тұрған қалпы мен «томпайып тұрған» шабынан кейін пайда болған. Тінту барысында оның шалбарынан 1 кг-нан астам тірі бамбук жұлдызқұрттары табылған.

Екінші әйелдің беліне оралған шұлығының ішінен 2 кг тірі жәндік анықталса, үшінші жолаушының қалталарында және рюкзагында жұлдызқұрт салынған төрт бөлек пакет болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы метросының «Бауыржан Момышұлы» және «Жібек жолы» станцияларында жолау...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді. Айта кетейік, ана бұған дейін екі рет егіз босанған, де...