"Один дома" фильмінің бас кейіпкері көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

PESTEL
636

Канадалық әрі америкалық танымал актриса Кэтрин О’Хара 71 жасында өмірден озды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

О’Хараның қайтыс болу себебі әзірге жарияланған жоқ. Белгілі болғандай, актрисаның ішкі ағзалары кері орналасқан екен, алайда бұл ерекшелік оның денсаулығына немесе өмір сүру сапасына әсер етпеген.

Кэтрин О’Хараның шығармашылық жолы 1970-жылдары Канададағы "Canada After Dark" телешоуына қатысудан басталды. Ал кинодағы дебютін 1976 жылы "The Rimshots" фильмінде жасады.

1980-жылдардың басында актриса кино саласында кеңінен таныла бастады. Ол канадалық "Double Negative" және "Nothing Personal" фильмдерінде басты рөлдерде көрінді. Кейін Голливудқа шақырту алып, 1985 жылы "After Hours" триллерінде ойнады. Оның алғашқы ірі табысы режиссер Тим Бёртонның Битлджус фильмімен байланысты.

Кэтрин О’Хараның ең танымал жобаларының қатарында "Один дома", "Шиттс Крик", "Одни из нас" және "Лучший на выставке" бар. Оның фильмографиясында 50-ден астам кино және тележоба қамтылған.

Актриса мансабы барысында "Алтын глобус", "Эмми" және АҚШ киноактерлер гильдиясының сыйлығымен марапатталған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) алдағы апталарда іске қосылуы мүмкі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Рим қаласындағы атақты «Teatro Palladium» сахнасында Роза Бағланова атындағы «Қаза...