20 адам көз жұмды: Индонезияда 7,7 балдық жер сілкінісі болды

Фото: CNN

PESTEL
96

Сенбі, 15 тамызда таңертең Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Jakarta Globe басылымына сілтеме жасап.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:58-де (Алматы уақытымен 02:58-де) болған. Зілзала ошағы Индонезияның Флорес аралына жақын маңда орналасқан. Одан кейін магнитудасы 6,2 болатын тағы бір дүмпу тіркелді, оның ошағы Лабуан-Баджо қаласынан 102 шақырым жерде болды.

Шығыс Нуса-Тенгара провинциясында тұрғын үйлер, мектептер, мемлекеттік және медициналық мекемелер, сондай-ақ, басқа да нысандар зақымданды. Кейнгі мәліметтерге қарағанда, жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 20 адамға жетті.

"Сенбіде Индонезияның шығыс жағалауында болған магнитудасы 7,7 жер сілкінісі мен ондаған афтершок салдарынан кемінде 20 адам қаза тапты", - делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

23 жасында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы журналист...

Шоу-бизнес

YE концертінің 14 тамыздан 15 тамызға ауыстырылуына байланысты көрермендердің назарына маңызды ақпар...