Таиланд дүмпулері: 1 тәулікте 77 жер сілкінісі тіркелген

Фото: АР

PESTEL
2136

Таиландта 28 наурызда көршілес Мьянмада болған жойқын жер сілкінісінен кейін жерасты дүмпулері жалғасуда. Жергілікті тұрғындар дірілді негізгі соққыдан бірнеше сағат өткен соң да сезінгенін айтады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Liter.kz-ке сілтеме жасап. 

Таиландтың метеорологиялық департаментінің мәліметтеріне сілтеме жасаған дереккөз соңғы тәулікте елде 77 жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

Куәгерлер аяқ астындағы жер дірілдеп, көзге көрінбейтін дүмпулерден ғимараттар сықырлағандай біртүрлі қозғалыстарды сезген. 

Зардап шеккен қалалардың бірі Чианг-Май тұрғындары "Ұйықтай алмаймыз. Бұл бітпейді" деп қаншалықты қорқынышты екенін айтты.

Табиғи апаттан Таиландтың 11 провинциясы зардап шекті. 10 адам қаза тауып, 16 адам жараланды, 100-ден астам адам із-түзсіз жоғалды. Көптеген өңірлерде ғимараттар жартылай қирап, жолдар бүлініп, кей жерлерде электр жарығы өшіп қалды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...