АҚШ президенті Үндістан мен Пәкістанның ортақ келісімге келгені туралы хабарлады

Фото: Sarah Meyssonnier/ Pool via AP

PESTEL
1820

АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан мен Пәкістан арасындағы атысты толық және дереу тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

“АҚШ-тың араласуымен өткен ұзақ келіссөздерден кейін Үндістан мен Пәкістан атысты толық әрі дереу тоқтатуға келісті деп қуана хабарлаймын”, – деп жазды ол.

Алайда, Трамп келісімнің нақты мазмұны мен қандай шарттармен жасалғаны туралы мәлімет берген жоқ.

Әзірге Үндістан мен Пәкістан билігі бұл мәлімдемеге қатысты ресми пікір білдірмеді.