АҚШ-та TikTok әлеуметтік желісіне толықтай тыйым салынды, деп хабарлайды madeniportal.kz N...
Танымал блогер жағдайы нашарлап, шетелде есінен танып қалған
Фото: видеодан скриншот
Көпшілікке “Қалаулым” бағдарламасының қатысушысы ретінде танылған блогер Камила Әділхан денсаулығы сыр беріп, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болғанын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Malim.kz-ке сілтеме жасап.
Отбасымен бірге Малайзияда тұрып жатқан блогердің жағдайы кенеттен нашарлап, есінен танып қалған. Оған жергілікті жедел жәрдем қызметі көмек көрсеткен. Алайда, көрсетілген медициналық қызметтің құны блогер отбасына үлкен қаржылық шығын әкелген.
Малайзияда ауыруға болмайды екен. Кешегі түннен бүгінгі түнге дейін аурухана ақысы 805 мың теңге болды. Малайзияға келіп жатсаңыздар, денсаулыққа мұқият болыңыздар, — деді блогердің күйеуі Мағжан Аймаханов.
Камила Әділхан жедел жәрдем қызметінің де бағасын жасырмай айтып өтті.
Кеше жедел жәрдем шақырғанымызда жергілікті тұрғындар нақты шақырамыз ба деп сұрады. Сөйтсек, алғашқы медициналық көмек көрсеткені үшін 300 мың теңге сұрады. Бұл ақшаларды әлі де санамызға сыйдыра алмай отырмыз, — деп жазды ол.
Дегенмен, блогер медициналық қызметтің қымбат болуына қарамастан, әзірге Малайзиядан кету жоспары жоқ екенін айтты.
Бұл елде әртүрлі мемлекеттерден келген қаншама адаммен таныстық. Олардың айтуынша, басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның медицинасы әлдеқайда арзан. Бірақ халық сыртқа шығып, ауырмағандықтан, оның қадірін біле бермейді. Біз бұл айырмашылықты анық сезініп жатырмыз. Бірақ бір ауырған екенбіз деп қайтадан кету дұрыс емес. Бұл елде тұруға визамыз бар. Алла нәсіп етсе, білім алуға, кәсіп бастауға келдік. Сондықтан денсаулыққа байланысты қиындықтар біздің жоспарымызға өзгеріс енгізбейді, — деді блогер.