Террористер 73 адамды ұрлап әкетті

Фото: Анадолы

PESTEL
1327

Нигерияның Замфара штатындағы екі ауылға жасалған қарулы шабуыл салдарынан 73 адам ұрланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Анадолыға сілтеме жасап. 

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қарулы банданың мүшелері Замфара штатының Бузугу және Раяу ауылдарына шабуыл жасады.

Шабуыл салдарынан 73 адам ұрланып, көптеген адамдар жарақат алды.

Оқиға орнына қауіпсіздік күштері жіберіліп, тергеу басталды.

Нигерия бірнеше жылдан бері қарулы бандалар мен террористік топтардың шабуылдарына тап болып келеді. Олардың арасында белгілі «Боко Харам» ұйымы және Батыс Африкадағы ДАЕШ-тің ISWAP бөлімшесі бар. Бұл топтар елдің түрлі өңірлерінде адам ұрлау, шабуылдар мен террорлық әрекеттерді жиі ұйымдастырады.

Нигерияда адам ұрлау қылмысы үшін өлім жазасы қарастырылғанымен, адамдарды ұрлап, олардан ақша талап ету оқиғалары жиі кездеседі.

Қарулы адамдар, әдетте, елдің солтүстігіндегі ауылдар, мектептер мен жолаушыларды нысанаға алып, ақша талап етеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2030 жылға қарай зейнетақы активтерінің 20–30 пайызын отандық жеке басқарушы компа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысы Меркі ауданында қаза тапқан 19 жастағы Мадинаның анасы қызының отбасылық өмірінде көрг...