Трамп Айды АҚШ-тың меншігі деп атады

Фото: әлеуметтік желіден

PESTEL
545

АҚШ президенті Дональд Трамп Айды Америка Құрама Штаттарына тиесілі деп мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Айдың суретін жариялап, оған «Ай – біздікі» деген жазба мен АҚШ туын орналастырған. Президент бұл жарияланымына қатысты қосымша түсініктеме бермеді.

Сондай-ақ ол Нью-Мексико штатын «Нью-Америка» деп атау туралы ұсынысқа пікір білдірді.

«Бұл штат тұрғындары үшін әлдеқайда беделді әрі әдемі естіледі. Уау, маған ұнайды!» – деп жазды Трамп.

Жарияланымға жасанды интеллект көмегімен әзірленген бейне де тіркелген. Онда Трамп Нью-Мексико атауы жазылған жол белгісін «Нью-Америка» деп өзгертіп жатқандай көрсетілген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ысталған балық өнімін тұтынғаннан кейін ботулизм белгілерімен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда мектеп оқушысы туберкулез жұқтырды деген күдікпен облыстық ауруханаға жатқызылды. Дәрігер...