Трамп Израильдегі сайлау қарсаңында Нетаньяхуға қандай қолдау көрсетті?

Фото: Azattyq

PESTEL
99

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль парламентін сайлау қарсаңында сол елдің қазіргі премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуге қолдау білдіріп, мәлімдеме жасады. Ол Нетаньяхуды Иранмен күрестегі "ұлы жауынгер" және "бейбітшілік жолындағы серіктес" деп атады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

"Израильде басқа басшы, яғни Бибиден (Нетаньяхудың лақап аты) өзге кез келген адам болғанда, Америка бұл жұмысты өзі істеуге мәжбүр болар еді. Ал мен ондайды қаламаймын", – деп жазды Трамп Truth Social желісінде. 

Трамп Нетаньяхуды "Израиль үшін осыншама көп іс атқарған ел – Құрама Штаттар талап ететін" серіктес деп сипаттады. 

Осы мәлімдемесінен бес күн бұрын Трамп Израильдегі сайлауда қандай да бір кандидатты қолдау жайлы әлі ойланбағанын айтқан. Оған дейін Трамп Нетаньяху мен оның командасын Иранға қарсы әскери науқанға жеткілікті қатыспады деп сынаған еді. 

27 қазанға белгіленген сайлауда Нетаньяхуға басты бәсекелес болатын Израиль армиясының бұрынғы бас қолбасшысы әрі "Яшар" партиясының жетекшісі Гади Эйзенкот Тель-Авив университеті студенттерімен кездесуде АҚШ президентін сыйлайтынын, бірақ Израиль демократиялық ел екенін және премьер-министрді азаматтардың өзі таңдайтынын айтқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанға шетелден маймыл шешегі вирусының әкеліну қаупі бар. Алайда инфекцияның ел аумағында жа...

PESTEL

Францияда өтіп жатқан наразылық акциялары аясында 2027 жылғы президент сайлауына қатысуды жоспарлап...