15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынды

Фото: ЖИ

PESTEL
103

Түркияда 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу енгізілді. 2026 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енген жаңа талап бойынша, әлеуметтік желі платформалары бұл жастағы балаларға қызмет көрсете алмайды. Сонымен қатар 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін де бірқатар шектеу қарастырылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жаңа ереже «Әлеуметтік желі провайдерлерінің балаларға арналған бөлек қызмет көрсетуі және жасын растауы туралы» қаулы негізінде енгізілді. Құжат 10 қазанда Түркияның ресми газетінде жарияланған.

Түркияның Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Өздемир Гөкташтың мәлімдеуінше, жаңа тәртіп балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың әлеуметтік желілерді пайдалануын бақылауға бағытталған. 

Жаңа талап бойынша, әлеуметтік желілерде аккаунт ашу үшін пайдаланушының жасын растауы міндетті. 15 жасқа толмаған балаларға жаңа аккаунт тіркеуге рұқсат берілмейді.

Бұған дейін ашылған аккаунттар да тексеруден өтеді. Алайда олар бірден жаппай бұғатталмайды. Платформаларға қолданыстағы аккаунттардың жасын тексеру үшін 2027 жылғы 31 наурызға дейін өтпелі кезең берілген.

Егер тексеру барысында аккаунт иесінің жасы 15-ке толмағаны анықталса, оның аккаунты жабылады.

Түркия билігінің түсіндіруінше, жас тексеру жүйесі пайдаланушылардың жеке мәліметтерін әлеуметтік желі компанияларына тікелей бермей жұмыс істеуге тиіс.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мүфтият марқұмдардың бейнесін жасанды интеллект арқылы жандандыруға қатысты түсініктеме берді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Ерлан Қарин 2026 жылы Абай атындағы әдебиет пен өнер сал...