Түркия мектептерінің бірінде шабуыл жасамақ болған жасөспірімдер ұсталды

Фото: Pixabay

PESTEL
544

Түркияның Измир қаласында бір орта мектепке шабуыл жасауды жоспарлады деген күдікпен сегіз адамнан тұратын топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Құқық қорғау органдары Торбалы ауданындағы лицей оқушылары WhatsApp тобында Шанлыурфа мен Кахраманмараштағы соңғы оқиғаларға ұқсас түрде орта мектепке шабуыл жасауды жоспарлағанын анықтаған.

Тергеу аясында сегіз адам ұсталды, олардың алтауы 17 жаста, біреуі – 18 жаста, ал тағы бір күдіктінің жасы көрсетілмеген. Сот шешімімен ұсталғандардың екеуі үйқамаққа алынды, екеуі сот бақылауына берілді, тағы үшеуі үйіне жіберілді. Сегізінші күдіктіге қатысты қандай бұлтартпау шарасы қолданылғаны туралы ақпарат берілмеген.

Күдіктілердің үйлерінде және цифрлық материалдарында жүргізілген тінту барысында дәлелдер тәркіленді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна 66 жасқа қараған шағы...