Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2295-ке жетті

Фото: Reuters/Leonardo Fernandez Viloria

PESTEL
112

Венесулада болған жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 2295 адамға жетті. Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Cadena SER басылымы хабарлады. 

Соңғы мәлімет бойынша, 11 267 адам жарақат алған, ал 12 841 тұрғын баспанасыз қалған.

Іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Оған ұлттық және халықаралық құрамдағы 4 мыңнан астам құтқарушы жұмылдырылған. Осы уақытқа дейін олар үйінді астынан 6,4 мыңнан астам адамды аман алып шыққан.

Хорхе Родригестің айтуынша, негізгі жер сілкінісінен кейін елде 782 афтершок тіркелген. Алайда соңғы күндері олардың жиілігі мен қарқыны біртіндеп бәсеңдей бастаған.

Сондай-ақ билік табиғи апат орнында тонаумен айналысты деген күдікпен төрт полиция қызметкерінің ұсталғанын хабарлады.

Венесула үкіметі елде жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.

Қазіргі уақытта Венесулаға ондаған мемлекет көмек көрсетіп жатыр. Құтқару операциясына 51 шетелдік делегацияның 3,7 мыңға жуық маманы мен 148 іздестіру иті қатысуда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипедтің қатысуымен болған жол апатынан 2004 жылы туға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа ән айтып тұрған сәтте полиция келіп, жоба авторына айыппұл салды, деп хабарла...