Мбаппенің бір әзілі басына бәле болды: Қытайда жейделерін өртеп жатыр

ашық дереккөз

PESTEL
127

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппенің Қытайдың бұрынғы көшбасшысы Мао Цзэдун туралы әзілі үлкен дау туғызды. Ашуға булыққан қытайлық жанкүйерлер футболшының жейделерін өртеп, суреті бейнеленген жарнамаларды бүлдіре бастаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жанжал Мбаппенің Франциядағы The Bridge ток-шоуына қатысқанынан кейін басталған. Бағдарлама барысында футболшы өзін ерекше күлдірген интернет-мем туралы айтып берген. Онда Мбаппенің бет-бейнесі Қытайдың бұрынғы басшысы Мао Цзэдунның суретіне орналастырылған.

Әзіл футбол әлемінде Мбаппеге ықпалына байланысты тағылған «диктатор» деген бейресми лақап атпен байланысты болған. Алайда Қытайда мұндай қалжыңды қорлау ретінде қабылдағандар көп болды.

Әлеуметтік желілерде футболшыға наразылық күшейіп, жанкүйерлер оның жейделерін өртеп, жарнамалық плакаттарын жырта бастаған. Таратылған ақпаратқа сәйкес, бірнеше қытайлық бренд Мбаппемен келісімшарттарын бұзған.

Дау өршігеннен кейін футболшы өз сөзінің орынсыз болғанын мойындап, көпшілік алдында кешірім сұрады.

«Енді бұл әзілдің Қытайдағы және әлемнің түкпір-түкпіріндегі қытай қауымдастықтарының көптеген өкілін ренжіткенін түсіндім. Сөзіме көңілі қалған барша адамнан кешірім сұраймын», – деді Мбаппе.

Испанияның Ла Лига футбол лигасы да мәлімдеме жасап, футболшының сөздері қытайлық жанкүйерлердің көңіліне тигеніне өкініш білдірді.

Айта кетейік, Мао Цзэдун Қытай тарихындағы маңызды саяси тұлғалардың бірі саналады. Оның есімі елдің ресми тарихи жадында ерекше орын алады.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі оқырмандарымен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысының Жамбыл ауданында кәмелетке толмаған балаларға заң талаптарын бұза отырып, ара...