«Үлкен ұлы күйеуіне ұқсайды»: Ерке Есмахан отбасымен түскен сурет жариялады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
1240

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық фотосуреттерін жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Instagrаm желісінде әнші үлкен ұлы Мүслім мен күйеуі Райымбек және олардың ортақ ұлының табиғат аясында түскен суретін жариялады.

«Уақыттың зымырап өтіп жатқанын біздің ЖанҰяға қарап сезсеңіздер болады. Кеше ғана у-шу болып үйленіп едік. Міне, бүгін төрт құбыламыз түгел боп алдарыңызда тұрмыз», - деп жазды әнші Ерке Есмахан.

Жас отбасыға желі қолданушылары жақсы тілектерін жарыса жазған.

 «Тату - тәтті отбасы, әрқашан бақыттың шуағы нұрландырып тұрады», «Бәріне қарамай бақытты болуға болатынын дәлелдеген махаббат символы»,» деген сияқты пікірлер бар.

Дегенмен де, отбасыға жеке пікірлері мен әзіл аралас ойларын жазғандар да кездеседі.

«Райм кростан лоферға секірем деп 1000 ұйықтаса да түсіне кірмеген шығар, иә, но жонушка кигізеді дегенді енді түсінген шығар», «Райм үлкен көрінеді екен, Ерке екеуі құрдас сияқты» «Үлкен ұлы Раймға ұқсайды екен» деген пікірлер жазылған.

 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...