Елорда атауын орыс тілінде қолдануда біртектіліктің болмауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімді...
Естімейтін, сөйлей алмайтын такси жүргізушісін пайдаланған жолаушы ұсталды (ВИДЕО)
Фотосурет: Бейнежазбадан
Жүргізушінің қызы желіге видеосын жариялап, жұртшылықтан көмек сұраған еді. Елордалық полицейлер такси жүргізушісін алдаған жолаушыны ізін суытпай, іздеп тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Жүргізушінің қызы белгісіз азаматтың тек екі аялдамадағы мекенжайға тапсырыс бергенін айтады.
«Менің әкемнің құлағы естімейді және сөйлей алмайды. Соған қарамастан көлігінің несиесін өтеу үшін күні бойы адамдарды тасып жұмыс істейді. Ал мына жігіт секілді адамдығы жоқ жандар екі-үш аялдамаға әдейілеп жайлы (комфорт) такси шақырып, белгіленген орынға жеткенде қайтып келетінін айтып, көлікті тоқтатып түсіп кетеді. Төлемді қосымшада қолма-қол деп белгілеген. Бұл малғұнды әкем Астананың кептелісінде сағаттап тұрып айтқан жеріне жеткізді. Онымен қоймай ол мазақ қылғандай телефонын көлікте қуаттап алған. Егер осы жігітті білсеңіздер маған жазыңыздаршы. Адамның естімейтінін, сөйлемейтінін пайдаланатындар көп», – деп жазды TikTok желісін пайдаланушы.
Полиция көп ұзамай жолаушыны анықтады. Ол келтірілген залалды толығымен өтеп, кешірім сұрады.
Жәбірленуші тарап арыздан бас тартты.
22 жастағы жолаушының бұрын да алаяқтық жасағаны белгілі болды.