Қостанай облысында 10 айлық сәби балалар ауруханасына жатқызылғаннан кейін шетінеп кетті, деп хабарл...
12 жастағы оқушы қыз баланы дүниеге әкелген
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Павлодар облысында 12 жастағы оқушы қыз босанды, деп жазады madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.
Қыз Павлодар облыстық перинаталдық орталықта босанған. Павлодар облысы Білім басқармасы мәліметінше, 12 жастағы оқушы қыз баланы дүниеге әкелген. Бір айдан кейін сәбидің анасы 13 жасқа толады. Кәмелетке толмаған қыздың жүктілігін мұғалімдер бірінші болып байқаған. Осы жағдайдан кейін ауданда іс жүргізілген.
"Мектеп директоры арыз жазып, өз еркімен жұмыстан кетті, аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды", - деді Павлодар облысының білім басқармасында.
Мектеп оқушысы зорланған соң жүкті болып қалғаны белгілі болды. Балалар омбудсмені Динара Зәкиеваның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған балаға зорлық-зомбылық көрсету дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.
"Қылмыстық іс өндірісте. Қазіргі уақытта сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр", - деді Зәкиева.
Жаңа туған нәресте қазір анасының қасында.