Қытай азаматы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның жаңа директоры атанды

Сурет: ulusmedia.kz

Қоғам
742

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы жоғары буын және бөлімшелер басшыларын ротациялау жүзеге асқанын мәлім етті, деп хабарлады madeniportal.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Осыған орай, 2024 жылы 2 желтоқсанда ММГ Директорлар кеңесінің шешімімен кезектілік негізінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып Вэнь Цзяцзюнь тағайындалған.

Вэн Цзяцзюнь 1978 жылы 19 қыркүйекте ҚХР-да дүниеге келген.

Ол И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін («Геология және пайдалы қазбаларды барлау» бағыты бойынша техника және технология магистрі) бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «CNDOC» компаниясының өндірістік-техникалық бөлім инженері болып бастаған.

2005-2024 жж. «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ-да еңбек етіп, жетекші супервайзерден компания президентіне дейін көтерілген.

2024 жылдың мамырынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін ММГ бас директорының бірінші орынбасары болды.

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамп Наурыз мейрамын тойлайтын жандарға жылы лебізін білдірді, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 8 наурызда сауда орталықтарының бірінде оқушылар 1 қыщға жабылып, ұрып-соққан, деп хабарлай...