Азамат Сатыбалдыға жала жапты ма, жоқ па?

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2839

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында өзіне қатысты өткізілген наразылық шеруге қатысты жауап қатты, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

Актер қызметкерлердің талап-арызын аяқтан шалу және жала жабу деп есептейтін көрінеді.

«Ей, пендем. Ер жігіттің бабын алсаң да, басындағы бағын ала алмассың. Соны ұмытпа. Жала жабу. Аяқтан шалу. Жұмыс жасатпау. Көре алмаушылық. Бір-екі күнде мақалам шығады. Толық жауап сол жақта болмақ. Аллаға аманат», – деп жазды Азамат Сатыбалды.

Айта кетейік, күні кеше  «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді. Өйткені  мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...