Әйелім бізді 5-6 рет тастап кеткен – алты баласы бар жалғысбасты әке

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
624

Елімізде жалғысзбасты ерлердің қатары 70 мыңнан асады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Солардың бірі алты баласын асырап отырған жалғысбасты әке Qazaq Airan-ға сұхбат берді. Жалғысбасты әкенің сөзінше, балаларының анасы оларды бір емес бірнеше рет тастап кеткен.

«Алты балам бар, үш ұл және үш қыз. Базарда жұмыс істейтінмін, енді қазір балаларға қарап бара алмай отырмын. Әйеліммен ажырасу процесі аяқтала салысымен, адам жалдап жұмысқа шығатын шығармын. Тамақтарын істеймін, шомылдырамын. Көбінесе үйде шомылдырамын. Үйге тек ком услугаға ғана төлеймін. Айына 35 мың төлеп тұрамын. Балаларымның ақшасын әйелім алады, менің мүгедіктікке берілетін жәрдемақымның жартысын да өзі алады», - деді жалғысбасты әке.

Сонымен қатар, жалғызбасты әкенің бір қолы жоқ екен. Соған байланысты жәрдемақы тағайындалған. Бірақ оның жартысын әйелі алады екен.

«Әйелім ажырасар алдында балаларды өзіме аламын деп алимент жаздырып алған, қазір оған алимент те төлеймін, бірақ балалар өзімнің тәрбиемде. Көп жерлерден сұрастырғанда ондай бола береді деді. Сотқа да шақырған жоқ. Оған барған да жоқпын. Айына алатын 35 мың теңгемді жеткіземін. Арасында шығып барып тұрамын. Кез-келген жұмыс істей беремін», - дейді күйінген әке.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа адамдар жолаушы қыздарға тиіскен — Желіні шулатқан таксистің кім екенін тапты, деп хабарл...

Өнер

Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасында жүлде 3 миллион теңге, деп х...