Жүргізуші куәлігін алуға көмектескен бе?

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2728
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері 30 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын анықтады, ол ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәлігін алуды ұсынған.

Сөйтіп, полицияға елорда тұрғыны хабарласып, алаяққа 400 мың теңге бергенін айтқан.

Ол интернеттен емтихансыз жүргізуші куәлігін алу туралы хабарландыру тауып алған.

WhatsApp желісінде хат алмасу кезінде алаяқ жәбірленушіге жүргізуші куәлігін алуға көмектесетініне сендірген.

Айласын асырып, ақшаны алғаннан кейін ол хабарламалар мен телефон қоңырауларына жауап беруді бірден тоқтатқан. Полицейлер күдіктіні анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтау қаласында төрт баланың анасы күйеуінің соққыға жығып, қолын сындырғанын айтып, көмек сұраған,...

АЙМАҚТАР

Ар-ождан бостандығы ата Заңымызбен кепілдік берілген ажырамас құқық. Алайда бұл қасиетті ұғымды кейб...