Алматы облысында жол апатынан 1 адам қаза тапты

Сурет: polisia.kz

Қоғам
2183

Алматы облысында жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, үш адам запдап шекті,  деп хабарлайды madeniportal.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

28 қазанда Еңбекшіқазақ ауданы Ақтоғай ауылының маңындағы Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 51-шақырымында жол апаты болды.

LADA Largus жүргізушісі рөлді басқара алмай, ағашқа соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы ретінде келе жатқан 40 жастағы әйел сол жерде қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...