Алматы облысында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
683
 

Алматы облысы Жамбыл ауданында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, деп хабарлады madeniportal.kz Аlmaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның 30 қарашада Алматы – Бесмойнақ автожолының 77 шақырымында болғанын мәлімдеді.

"Mercedes Benz 280 жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, соның салдарынан Ford Focus автокөлігімен соқтығысқан, содан кейін инерция бойынша ВАЗ-2114 көлігіне соғылған.

Жол апатының салдарынан Ford Focus жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды", - делінген ПД хабарламасында.

Сондай-ақ түрлі жарақатпен екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамп Наурыз мейрамын тойлайтын жандарға жылы лебізін білдірді, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 8 наурызда сауда орталықтарының бірінде оқушылар 1 қыщға жабылып, ұрып-соққан, деп хабарлай...