Маңғыстау облысында сарбаз қайтыс болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2537

Маңғыстау облысындағы полигондағы оқу-жаттығуы кезінде бір сарбаз ауыр жараланды, деп хабарлады madeniportal.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 7 қыркүйекте Оймаша полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің оқу-жаттығу жиыны кезінде болған. Сағат 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші қарауыл лейтенанты ПМ 9 мм тапаншасынан рұқсат етілмеген оқ атып, қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген.

Оқ жарақатын алған сарбаз жедел түрде қалалық ауруханаға жеткізілгенімен, жолда сағат 17:40 шамасында қайтыс болды. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, өлім қарумен жұмыс істеу ережесін бұзу салдарынан болған.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...