Астанада жас жігіт сүйіктісіне ұрланған бұйым сыйлаған

Фото: pinterest

Қоғам
2525

Астаналық жігіт сүйіктісіне ұрланған бұйымды сыйлаған, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері 23 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Ол бұрынғы қызының сенімін пайдаланып, үйіне қонған кезде бағасы 200 мың теңге тұратын Pandora білезігін ұрлаған.

Жәбірленуші тұрғын жігітінің қазіргі қызының әлеуметтік желіге жариялаған фотосынан таныс бұйымды көрген. Яғни арызданушы қымбат білезігінің жоғалғанын бір аптадан кейін ғана байқаған.

Ол өзінің білезігі ұрланғанын нақты білген соң, дереу полицияға арызданды. Қаскүнем жасаған қылмысын мойындады. Полицейлер білезікті тәркілеп, иесіне қайтарды. 

Шоу-бизнес

Қазақстандық актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы, актриса Дариға Бадықоваға арн...

ЖАҢАЛЫҚТАР

25 қазан күні Әміре Қашаубаев атындағыдәстүрлі ән орындаушылардың республикалық байқауына қатысушыла...