Әпкесімен 17 жыл құлдықта болған Құндыз блогерге сезімін білдірді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
1948

Түркістан облысында 17 жыл бойы әпкесімен бірге еңбек құлдығында болған Құндыз жағдайын білуге барған танымал блогерге сезімін білдірді, деп хабарлады madeniportal.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық блогер Ілияс Сариев жаңа қамқоршысымен бірге Таразда тұрып жатқан Құндыз бен Назгүлдің жағдайын көруге барған. Блогер Алматыға қайтатын кезінде апалы-сіңлінің кенжесі Құндыз бата береді.

«Ілияс аға, келе беріңіз. Тойға да келе беріңіз. Менің туған күніме келіңіз. Қашан келесіз? Жазда келіңіз. Ауырмаңыз. Аман болыңыз. Бақытты болыңыз», — дейді Құндыз.

Сөз соңында Құндыз блогерді жеке шақырып, сезімін білдіреді.

Бұған қатысты блогер де жазба жариялады.

«Тараз қаласына Назгүл мен Құндызға арнайы келдім! Қазіргі жағдайлары өте керемет, баяғы кездеріне қарағанда нәтиже бар. Маған Құндыз өз сезімін білдіріп, ғашық екенін айтты. Сезімін білдіре алатындай жақсы нәтиже бар екеніне қуандым», — деп жазған ол.

Ал желі қолданушылары Құндыздың іс-әрекетіне тәнті болып, әртүрлі пікір қалдырған.

«Ғашық екенін айтса, рухы вагон екен, біз айта алмай жүрміз ғой», «Соны жеке айту керек екенін біліп тұр да», «Құндыздың дауысы қандай әдемі, нәзік. Ол да жүрегі бар адам ғой, ғашық болса, ғашық шығар, Аллахым сендерді бақытты ететін адамды жолықтырсын», «Өз ойын, сезімін ашық жеткізіп отырса, онда нәтиже жақсы», «Аға, аға деп сынып жүр ме?», «Ғашықтық не екенін сезініпті», «Құндыз, талғамың мықты екен», — деп жазған ол.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...